Жалпы біолім беретін Шипов мектебі 1968 жылы құрылды. Мектеп ғимараты 1977 жылы ашылды. Типтік жобадағы қуаты 624 орын. Жалпы ауданы 3006 шаршы метр. Қажетті жиһаздармен жабдықталған 24 сынып бөлмесі, 2 шеберхана, 1 акт залы – 65 орындық, 20 орындық мектеп кітапханасы және оқу фондысына араналған бөлек бөлме бар. Мектептің оқу әдебиет қоры әр оқушыға 29 оқулықтан келеді, 1 медициналық кабинет, 1 спорт зал – бәрі де қазіргі заманға сай жабдықталып, материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға нығайып, дамуда. Мектепте санитарлық – гигиеналық талаптардың сақталуын қадағалайтын өз дәрежесінде жабдықталған дәрігерлік кабинет бар. Онда 1 бірлікте медбике жұмыс жасайды. Медициналық кабинет қажетті дәрі-дәрмек, алғашқы көмек көрсету, дизенфекциялау препараттарымен қамтылған.